ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

ҚПЛ-дағы тағы бір клуб "Астана Аренада" ойнайтын болды

Петропавлдың "Қызылжар" футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасындағы өз алаңындағы матчтарын Астанада өткізбек. 

ҚПЛ-дағы тағы бір клуб "Астана Аренада" ойнайтын болды
fcastana.kz

Биыл шілде айында Петорпавлдағы "Карасай" стадионы реконструкциялау жұмыстарына жабылған. Жаңарту аясында шатыр орнатылып, орындықтар ауыстырылады. Батыс және шығыс трибуналар, киім ілетін орындар жөнделеді.

Бұған дейін стадионда жаңарту жұмыстары жүргізілген. Жылыту және суару жүйесімен жабдықталған жасанды алаң төселді. Сонымен бірге жарықтандыру, дыбыс жүйелері және электронды табло жаңғыртылған.

"Қызылжар" 2025 жылдың маусымын "Астана Аренада" бастауды көздейді. Сондай-ақ мұнда  "Астана" мен "Жеңіс" өз матчтарын өткізеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.