Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Боливия чемпионатындағы матч ірі жанжалмен аяқталды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
25.12.2024, 07:21

Біліктілік кезеңінде "Роял Пари" бірінші ойында "Реал Оруроны" 4:0 есебімен жеңіп, Жоғарғы лигаға шығудың алдында тұрған. 

Боливия чемпионатындағы матч ірі жанжалмен аяқталды (ВИДЕО)
sports.ru

Ал қонақтар қарымта кездесудің бірінші таймында-ақ 0:3 есебімен жеңіліп жатты. Матчтың аяқталуына 10 минут қалғанда төреші "Пари" ойыншысын алаңнан қуып, команда қақпасына күмәнді пенальти белгілегенде жанжал туындады. Бас бапкер реферидің шешімімен келіспей футболшыларды алаңнан алып кетті. 

Ол клубқа 0:3 есебімен техникалық жеңіліс беріліп, екі матч қорытындысында жеңіске жетемін деген ойда болар. Бірақ кейін ол бұл әккі әрекетінен айынып қалып команданы алаңға қайтармақ болғанда бәрі де кеш еді.

Бас төреші жанкүйерлер пен футболшылардың қауіпсіздігі үшін ойынды жалғастыруға болмайтынын мәлімдеді. Өз кезегінде бұл қонақтар тарапынан түсініспеушілік тудырды. 

Ақыры төрешілерді полицейлер сүйемелдеп стадионнан кетті.

Енді қос команда жергілікті футбол федерациясының шешімін күтіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір