Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қазақстан жасөспірімдер құрамасы мен алматылық "Қайраттың" футболшысы Дастан Сәтпаев Лондонда қалмайтын болды.
16 жастағы қазақстандық қараша айында ағылшындық "Челси" футбол академиясында қараудан өткен. Дастан жаңа маусымға дайындықты Алматыда бастады, ал БАҚ-та Лондондағы қараудың қалай өткені туралы айтылды.
"Челси" академиясының өкілдері оның ойын өрнегі туралы жақсы пікірлер айтқан. Бірақ соншама таң қаларлық әсер қалдырмаған сыңайлы. Десе де ағылшындық скауттар одан көз ілмей, тізімнен шығаруға ниетті емес. Сәтпаев кем дегенде 18 жасқа дейін (қазір ол 16-да) "Қайраттың" жүйесінде қалады. Себебі осы жас санатына дейін халықаралық трансферлер жасауға тыйым салынған", — деп жазады Vesti.kz.
Дастан Сәтпаев "Қайрат-U18" үшін өткен маусымдағы QJ лигасында12 матчқа қатысып, 19 гол соғып алты нәтижелі пас берді. Сонымен қатар "Қайрат-Жастар" құрамында жасөспірімдер Чемпиондар Лигасы мен Бірінші лигада бір ойыннан өткізді.
Ертеректе испаниялық скаут Мануэль Нуньес Дастан Сәтпаевтың ойын мәнеріне тәнті болған. Тіпті кейібр еуропалық скауттар оны әйгілі Серхио Агуэромен салыстырып көрген.