Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Холанн пенальтиден де, ойыннан да гол соға алмады. "Манчестер Сити" тағы да ұпай жоғалтты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
26.12.2024, 20:15

Boxing Day-дың алғашқы матчында “Манчестер Сити” кезекті рет жанкүйерлерін түңілтті. Бұл жолы "қалалықтар" өз алаңында "Эвертонды" жеңе алмады.

Чемпионатта қатарынан екі рет жеңіліс тапқан Гвардиоланың командасы “Эвертонға” қарсы кем дегенде бір ұпай жинай алды. Әрине манчестерлік клубтың ешбір өкілі тең нәтижеге қанағаттанбасы анық.

Ойын алаң иелерінің басымдығымен басталған. Бірнеше өткір шабуылдар ұйымдастырып, соның бірінде Бернарду Сильва есеп ашты. Гвардиоланың шәкірттері шабуылдарын бәсеңдетпей қоймады. Бірақ есепті еселейтін мүмкіндіктерді құр жіберіп алды. Ал мерсисайдтық клуб сирек шабуылдардың бірінде таразы басын теңестіріп кетті. Ндиай мергентік тантты. 

Үзілістен кейін “Сити” екінші доп соғуға керемет мүмкіндік алды. Дгенмен Холанн он бір метрлік соққыдан мүлт кетті. Матч соңына дейін ливерпульдік ұжымның сағы сынбады.

"Қалалықтардың” чемпионаттағы жеңіссіз сериясы осылай 4 матчқа жетті. Манчестерліктер ұзаққа созылған дағдарыстан шыға алмай әлек. Өз кезегінде "Эвертон" қатарынан үшінші турда АПЛ-дағы топ-клубтарға қарсы жеңілмей келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір