"Миланда" бапкерлік ауыс-түйіс — Фонсека орнын босатты
"Миланның" бас бапкері Паулу Фонсека отставкаға кетті.
Португалиялық маман журналистерге клубтан кеткені туралы хабарлады. Фонсека "Миланға" осы жазда келген еді.
"Иә, мен "Миланнан" кеттім. Бұл өмір. Ол өзі сондай болады. Менің ар ұжданым таза. Қолымнан келгенше бәрін жасадым", — деп маманның сөзін келтіреді TMW.
Енді "россонери" тізгінін тағы бір португалиялық маман ұстайды. Сержиу Консейсау жақын арада клубқа қосылады. Оның соңғы жұмыс орны "Порту" болған.
Қазір "Милан" А сериясында 18 турдан кейін сегзінші орында орналасқан.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.