ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Георгий Жуков клубсыз қалды

29 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Георгий Жуковтың қытайлық "Цанчжоу Майти Лайонспен" келісімшарты аяқталды. 

Георгий Жуков клубсыз қалды
sportbox.ru

Ұлттық құраманың экс-жартылай қорғаушының қытайлық клубпен келісімі 31 желтоқсанда бітті. Қазір Хебей провинициясының командасы қысқы оқу-жаттығу жиындарына кірісті. Бірақ Жуков мансабын қай жерде жалғастыратыны туралы әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. 

Футболшы өткен маусымда "Цанчжоу" сапында қытайлық Суперлигада 27 матч өткізіп бір гол соқты. Айта кетейік,  Жуков кезінде "Астана", "Қайрат", бельгиялық "Стандард" және "Беерсхот", ресейлік" "Урал", голландиялық" Рода" және польшалық "Вислада" өнер көрсетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Материалда:

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.