ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Ұйқысын қандыра алмаған "Барселона" ойыншысы матчқа қатыса алмады

Қақпашы Иньяки Пенья ұйықтап қалғаны үшін Испания Суперкубогының жартылай финалдық кездесуіне қатысқан жоқ. 

Ұйқысын қандыра алмаған "Барселона" ойыншысы матчқа қатыса алмады
sports.ru

“Барселонаның” бас бапкері 25 жастағы қақпашымен жеке сөйлесіп, оның таңғы жаттығуға кешігіп қалуының себебін сұраған. Иньяки Пенья уақыт кестесін шатастырып ұйықтап қалғанын айтқан. Бріқа бұл түсініктемелер бапкердің шешімін өзгертпеді. Қатаң тәртіпті ұстанатын Флик қақпашыны "Атлетикке" қарсы ойынның бастапқы құрамына қоспауды ұйғарды. 

Оның орнына қосалқы қақпашы Войцех Щенсны алаңға шығып, қақпасына бірде-бір доп жібермеді. “Барселона” 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Бұл туралы не ойлайсыз?