Сербия құрамасының ойыншысы ҚПЛ клубына 81 миллионға ауысты
Сербиялық қорғаушы Неманья Чаласан "Елімай" ФК ауысты.
sports24.kz
Қазақстандық клуб 28 жастағы орталық қорғаушыға 150 мың еуро (81 миллион теңге) төледі. Өз кезегінде футболшының Transfermarkt.de сайтындаға бағасы 600 мың еуро (324 миллион теңге) деп көрсетілген. Келісімшарт желтоқсан айының соңына дейін есептелген. Чаласай "Елімай" қатарында Антальяға оқу-жаттығу жиынына аттанады.
Неманья Чаласайдың соңғы клубы сербиялық "Спартак" (Суботица) болды. Ол биылғы маусымда 17 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берумен ерекшеленді. Ал оған дейін Чаласай португалиялық "Шавиш" және "Лейшоэш" намысын қорғады. Сонымен қатар Сербия құрамасында да өнер көрсетті.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet