Еуропалық құраманың ойыншысы "Қайратқа" ауысты

Сарапшы, спорт журналисі

Ресейлік "Пари НН" клубының израильдік жартылай қорғаушысы Дан Глейзер "Қайрат" намысын қорғайды. 

Еуропалық құраманың ойыншысы "Қайратқа" ауысты
matchtv.ru

Глейзер осы маусымда ресейлік клуб сапында 15 матч өткізіп, бір нәтижелі пас берді. 28 жастағы Израиль ұлттық құрамасының ойыншысының келісімшарты 2027 жылдың маусымына дейін созылады. Transfermarkt.de сайты ойыншыны 700 мың еуроға бағалап отыр.

Футболшы өзінің мансабында сонымен қатар израильдік "Маккаби Тель-Авив"," Бейтар Тель-Авив/Бат-Ям" және "Маккаби Нетанья" және грекиялық ОФИ командаларында ойнады.

Глейзер Израиль құрамасының намысын 2018 жылдан бері қорғап келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір