Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Қазақстанда футбол клубтарын қаржыландыру қайта қаралады

Редактор Penalty.kz
15.01.2025, 07:30

Туризм және спорт министрлігінің басшысы министрлер кабинетінің брифингінде елдегі футбол клубтарын қаржыландыру тетіктерін қайта қарау жоспары туралы айтты.

фото ашық дереккөздерден алынды
фото ашық дереккөздерден алынды

Брифинг барысында Ербол Мырзабосыновқа қазақстандық футбол клубтарын қаржыландыру лимиті өзгере ме деген сұрақ қойылды, деп жазады NUR.KZ

"Мәселені қадағалап жатырмыз. Футбол федерациясының басшылығы ауысқанын білесіздер. Енді оларға (бұл мәселені – ред.ескертпесі) талдау тапсырылды.

Жаңа заңнама аясында лимиттерге өзгерістер енгізіледі. Бірақ бұл барлық клуб үшін бірдей шектеу болады. Десе де біз балалар спортына – балалар футболына көңіл бөлеміз", - деп жауап берді Туризм және спорт министрі.

Журналистер қазіргі шек 1,2 триллион теңге екенін еске салып, әңгіменің қандай сома туралы болып жатқанын сұрады.

Бірақ бұл сұраққа Ербол Мырзабосынов жауап бермеді. Ол лимитті асырғаны үшін жауапкершілік бар екенін айтты.

"Әрине, заң шықса, олар да жауапқа тартылады (лимитті асырғаны үшін футбол клубтарының басшылары жауап береді – ред.ескертпесі)", - деп түсіндірді Туризм және спорт министрлігінің басшысы.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір