Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Юрген Клопп бапкерлік болашағына қатысты жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі
15.01.2025, 09:19

Неміс маманы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап "Ред Булл" компаниясында басшылық қызмет етеді.

Юрген Клопп бапкерлік болашағына қатысты жауап берді
betnews.by

"Ливерпульдің" бұрынғы бапкері Юрген Клопп өзінің бапкерлік жұмысына қатысты жауап берді. Қазір неміс маманы "Ред Булл" компаниясына қарасты футбол клубтарын стратегиялық тұрғыдан басқаруға жауапты.

Журналист Флориан Плеттенбергпен болған сұхбат барысында Клопп әзірге бапкерлік мансабын аяқтауды жоспарлап отырмағанын жеткізген. 

"Мен "Ред Буллдың" бапкері болмаймын. Енді ешқашан бапкерлік етпеймін деп те айта алмаймын", - деді неміс маманы. 

Юрген Клопп "Ливерпульдің" бас бапкері қызметін 2015-2024 жылдары аралығында атқарды. Сол уақытта мерсисайдтық клубпен АПЛ, Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір