Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы футболшысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті атанды.
Лория былтыр федерация президенттігіне үміткерлер тізіміне өзін ұсынып, кейін сайлауға түсуден бас тартқан.
Давид Лория футболшы мансабында “Жеңіс”, “Есіл”, “Шахтер”, “Хальмстад” (Швеция), “Спартак-Нальчик” (Ресей), “Астана”, “Ертіс”, “Ризеспор” (Түркия), “Қайрат”, “Каршияка” (Түркия), “Ордабасы” клубтарында өнер көрсетті. Қазақстан ұлттық құрамасында 47 ойын өткізіп, қақпашылар арасында рекорд жасады.
1999 жылы Қазақстан жастар құрамасы сапында Нигерияда өткен әлем чемпионатына қатысты.
Мансабын аяқтағаннан кейін “Астана” футбол клубында, Астана қаласының футбол федерациясында және “Super Bol” жобасында басшылық қызметтер атқарды.
2019-2022 жылдары УЕФА UEFA MIP – UEFA Executive Master for International Players магистрлік бағдарламасы бойынша спорт менеджменті саласында білім алды.