Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

ЧЛ 7-туры: "Барселона" камбэктің көкесін жасады (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
22.01.2025, 08:31

Лиссабондағы матчты каталондық клубтың жанкүйерлері көпке дейін ұмытпайтыны анық.

Vesti.kz
Vesti.kz

Чемпионадар лигасы жалпы кезеңінің 7-туры аясында өткен матчтар тартысқа толы болды. Әсіресе, "Бенфика" мен "Барселона" арасындағы матч. Бұл матчта 9 гол соғылды. "Барселона" камбэк жасады. Каталондық клуб соңғы минутта гол соғып жеңісті жұлып әкетті. Қорытынды есеп - 4:5. Осылайша, "Барселона" 1/8 финалға жолдама алды. 

7-турда плей-офф кезеңіне жолдама алған тағы бір клуб - "Ливерпуль".  Алдағы тур нәтижелері команданы үздік сегіздіктен төмен сырғыта алмайды. Жалпы, жаңа форматтағы Чемпиондар лигасында 7 турда да жеңіске жеткен жалғыз команда бұл. Мерсисайдтық клуб "Лилльмен" кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын. 

Ал "Монако" да өз алаңында жеңіске жетті. Аталған ұжым "Астон Вилланы" 1:0 есебімен жеңді. Кездесудің 8-минутында Синго есеп ашып, жалғыз голдың авторы атанды.  

УЕФА Чемпиондар лигасы жалпы кезеңінің 7-турында өз алаңында жеңіске жеткен тағы бір ұжым испаниялық "Атлетико Мадрид". Чемпиондар лигасында бұл команда германиялық "Байерден" 2:1 есебімен басым түсті. Осылайша "Атлетико Мадрид" турнирлік кестедегі жағдайын жақсартып алды. 7 тур қорытындысы бойынша қазір үздік үштікті түйіндеп тұр. 

Бір қызығы, бүгін болған кездесулердің арасында тек "Брюгге" — "Ювентус" матчында ғана гол соғылмады. Қалған ойындардың бәрінде есеп ашылды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір