Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Аморим – фиаско – үміт

Редактор Penalty.kz
22.01.2025, 09:36

«Манчестер Юнайтед» клубының қазіргі күйі суға батып бара жатқан Титаниктей. 

Аморим – фиаско – үміт
runasport.com

«Манчестер Юнайтед» клубының қазіргі күйі суға батып бара жатқан Титаникті еске түсіреді. Алып кеме – алып клуб. Жолаушы – жанкүйер, экипаж – клуб персоналы. 
Фанаты көп, ақша пішен. Бірақ дұрыс менеджмент болмаса, бәрі далаға кетеді.

Клубтың бұл олқылығын 12 жылдан соң командаға қайта оралған Криштиану Роналду да бетіне басты. Клуб жаңашылдыққа бет бұрмаған, озық технологияны қолданбайды, инфрақұрылым жаңармаған. Кім кінәлі? Әрине, менеджмент.

Ақша бар – идея жоқ. Клуб бар – команда жоқ. Бапкер бар – нәтиже жоқ. Даңқы бар – абыройы қалмаған. Скаут бар – стратегия нөл. Қалағаны секс (трофей) – бірақ әтек (шамасыз).

Клуб басшылығы простатит барын ерте білген, бірақ асқындырып алған. Енді соны емдеу үшін 39 жастағы Рубен Аморим келді. Әзірге оның да қолынан келмей жатыр, себебі ауру әбден дендеген. Не ұзақ емдейді, не бұл уролог та көп ұзамай отставкаға кетеді. 

Футболда трендке айналған «3-5-2», «5-3-2» схемасы бар. Аморимнің жүрісі осылай. «Спортинг» солай гүлдеді. Тек Португалияда емес, Еуропада да жемісін берді. Алайда, бұл жүріспен Англияны бағындырған бір ғана бапкер бар – Антонио Конте (Челси, 2016/17). Пеп те, Клопп та классикалық төрт қорғаушымен ойнайды.

Мәселе тек схемада емес. Қазіргі МЮ құрамы бапкердің идеясын жүзеге асыруға қауқарсыз. Бірінің менталитеті, бірінің бабы, бірінің деңгейі, енді бірінің профилі сай келмейді. Қысқасы, клубты ұзаққа созылатын ем-дом процедурасы күтіп тұр. 

Аморим жылы орнынан (Спортинг) бекер кеткен жоқ. МЮ-де қандай қиындық барын біліп келді. Оқу-жаттығуға уақыт болмады, ортадан кірісті. Сондықтан маусым ортасында тәуекелге бел буып экспериментті бастап кетті. 

МЮ қазір жеңіліп жатқан жоқ, дұрысы Аморим қалағандай ойнай алмай жатыр. Рубен Аморим система орнатқысы келеді. Клубтың амбициясын біледі, сол үшін әр матчты зордың күшімен емес, кәміл үтсемдікпен жыққысы келеді. 

✔️Юрген Клопп «Ливерпуль» командасына тек менталитет сыйлаған жоқ, ойын стилін де әкелді. Неміс маманының келуімен клубтың еңсесі көтеріліп, тек футболшылар емес, тұтас персонал қайта «тірілді». 
✔️Пеп Гвардиола онсыз да чемпион болып жүрген «Сити» клубының амбициясын одан әрмен көтеріп, талапты күшейтіп жіберді (мінез һәм ойын стилі айтпаса да). Кейін бәрі Пеп сияқты перфекционистке айналды. 
✔️Жозе Моуринью алғаш «Челси» бас бапкері болғанда, футболшыдан бастап еден жуушыға дейін қайта «туды». Өмірге басқаша қарап, күні-түні Кобхэмде қонды. 
Рубен Аморим де осы жолмен жүргісі келеді. Бәрін қайта жасақтап, соны бетбұрыс жасауға көшті. 

МЮ әлі талай жеңіледі. Клуб қажетсіз футболшылардан арылуды қазірден бастады. Рэшфорд пен Горначо клубтағы реформа салқынына бірінші ілікті. Жазда клубтың тең жартысы кетуі мүмкін. Бірінші кезекте жалақысы көп Антони, Каземиро, Маунт…

Рубен Аморим алған бетінен қайтпайтынын ашық айтты: «Футболшылар да, жанкүйерлер де әлі біраз зардап шегеді. Жоспарым бар, түбі нәтижесін береді. Көздегенім бар, одан бас тартпаймын. Шыдай тұруға тура келеді». 

‼️Аморимнің командасында сенімді үш қорғаушы керек. Бірақ қазір Маттейс де Лигт қана ТОП деңгейге жақынырақ.
‼️Аморимнің командасы (Спортинг) көп қысым жасайды, прессингтен сәтті шығады. Бірақ оны әзірге МЮ-де жүзеге асыра алмай жатыр. 
‼️Аморимнің командасы позициялық шабуылды жақсы көреді, оған қос қапталдағы латеральдар көмекке келуі керек. Онысы да МЮ-де іске алғысыз, қос қанатына лайықты фулбек жетіспейді. 
‼️Әдетте Аморимнің вингерлері жиі позиция алмасып, шегініп-ұмтылып ойнайды. МЮ-де оған сай ойыншы жоқ. Горначо мен Рэшфорд сол үшін керек болмай отыр. 
‼️Аморимнің командасында ТОП форвард ойнайтын, ал Зиркзе мен Хойлунд әзірге шабандау.
‼️Ең бастысы, МЮ-де лидер жоқ. Бруно Фернандештің алаңдағы айғайшылдығы лидерлік емес. Бар болғаны имитация. Лидерді сатып ала алмайсың, оны команда іштен тудырады.
‼️Аморимге сәтті трансфер керек. Базардан алған қарбыздың іші қызыл болғанымен, көбіне дәмді бола бермейді. Бірақ «Байер» кейсі көрсеткендей, қарапайым футболшылармен де әйдік команда жасақтауға болады.

Мақала авторы: Жандос Байділдә

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір