"Астана" кениялық қорғаушы үшін 930 миллион санап беруге дайын

Сарапшы, спорт журналисі

"Астана" ФК Польшаның "Ракув" қорғаушысы Эрик Оуманы қатарынан көргісі келеді.

"Астана" кениялық қорғаушы үшін 930 миллион санап беруге дайын
mideyahdigital.co.ke

Елордалық ұжым қорғаушы үшін €1,7 млн (931,6 млн теңге) төлеуге дайын. Бірақ оны “Ракув” €2,5 млн-нан кем емес деп отыр. Сол себепті бұл ұсыныстардан бас тартқан.

Оума польшалық клуб сапында былтырдан бері өнер көрсетеді. Швецияның АИК клубы оны €700 мыңға сатқан. Футболшының қазіргі келісімшарты 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін есептелген. Transfermarkt оны €850 мыңға бағалап отыр. 

28 жастағы кениялық өз мансабында швециялық “Васалундс”, албаниялық “Кастриоти”, грузиялық “Колхети-1913” және кениялық “Гор Махиа” клубтарында өнер көрсетті. 

Кения құрамасына 2016 жылдан бері шақыртылып келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір