Өзбекстан тізгінін ұстауға үміткерлер қатарында Қазақстанның экс-бас бапкерінің есімі бар
Футболдан Қазақстан құрамасымен жоғары жетістіктерге жеткен жаттықтырушы Өзбекстан тізгінін ұстауы мүмкін.
anhor.uz
Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиевті Өзбекстан жаттықтырушысы етіп тағайындауы мүмкін.
Ресейліктің жұмыссыз отырғанын меңзеген "Азия-Спорт" каналы осындай кандидатураны ұсынды.
Қазір Азия аумағында футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің үшінші раунды өтіп жатыр. Өзбекстан құрамасының мундиальге тікелей жолдама алу мүмкіндігі жоғары.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet