Нури Шахин дортмундтық "Боруссиядан" қуылды
Дортмундтық "Боруссияның" бас бапкері Нури Шахин бас бапкер қызметінен айырылды.
euro-football.ru
Бұл хабарды түркиялық маманға Чемпиондар Лигасында “Болоньяға” қарсы жеңілістен кейін жеткізген. Айта кету керек, “Боруссия” қатарынан соңғы төрт матчта жеңілістің ащы дәмін татты.
“Аралар” Бундеслигада 25 ұпаймен 10-орында келеді. Шахин “Боруссияның” тізгінін былтыр жазда ұстаған. Ол бұған дейін экс-бас бапкер Эдин Терзичтің көмекшісі болды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet