Абат Айымбетов шетелдік клубтардың қызығушылығын тудырды
Protathlima.com басылымы кипрлық клубтардан "Адана Демирспор" және Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетовке қызығушылық барын растады.
dopmedia.kz
«Абат Айымбетов кипрлық клубтардың назарына ілікті. Ол қазақстандық шабуылшы. Жасы 29-да. 2023/24 маусымынан бері "Адана Демирспор" клубында ойнайды», — деп жазады кипрлық БАҚ.
Абат биылғы маусымда "Адана Демирспор" үшін түрік Суперлигасында 14 матч өткізіп 3 мәрте гол соқты. Ал "Адана Демирспор" клубы 19 ойыннан кейін бес ұпаймен турнир кестесінде соңғы орында тұр.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet