Қазақстан чемпионатына 11 млн еуро тұрған футболшы келді
29 жастағы франциялық жартылай қорғаушы Венсан Козьелло "Атырау" қатарына қосылды.
goal.ru
Венсан Козьелло мансабын "Ниццада" бастаған. Сонымен қатар германиялық "Кельн", франциялық "Париж", португалиялық "Насьонал" және бельгиялық "Остенде" мен "Виртон" сапында өнер көрсетті.
2017 жылы оның Transfermarkt сайтындағы бағасы 11 миллион еуро тұрған. Қазір ойыншы 100 мың еуроға бағаланып отыр.
Венсанның Франция жасөспірімдер және жастар құрамасында да тәжірибесі бар.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet