ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Бахтиёр Зайнутдиновтың қателігі "Бешікташты" жеңістен айырды (ВИДЕО)

Футболдан Түркия Суперлигасының 21-турында "Антальяспор" өз алаңында "Бешікташты" қабылдады. 

Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. 79-минутта Чиро Иммобиленің пасын оңтайлы пайдаланған Рафа Силфа допты баспен алаң иелерінің қақпасына енгізді. Ал 85-ші минутта матчқа тыңнан қосылған Бахтиёр Зайнутдиновпен әуедегі допқа таласқан Эрдаль Ракип таразы басын теңестіріп кетті.

"Бешікташ" 32 ұпаймен турнир кестесінде алтыншы орында келеді.

Flashscore Зайнутдиновтың ойынын 6,8 балға бағалады. Бұл тыңнан қосылған бес ойыншы арасындағы ең жоғары баға. Ал негізгі құрамда шыққандардың үшеуі осы көрсеткіштен төмен деңгейде ойнады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.