Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Руслан Балтиев ҚФФ ұлттық құрамалар департаментін басқарады

Сарапшы, спорт журналисі
27.01.2025, 17:31

Қазақстан футбол федерациясының ұлттық құрамалар департаментінің директоры қызметіне Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы әрі жаттықтырушысы Руслан Балтиев тағайындалды.

kff.kz
kff.kz

Балтиев футболшы мансабында “Қайнар”, “Қайрат”, “ЦСКА-Қайрат”, “Аксесс-Голден Грейн” және “Тобыл” клубтарында ойнаған. Сонымен қатар, ол Ресейдің “Сокол”, “Динамо”, “Москва”, “Шинник” және “Жемчужина” командаларында өнер көрсетті.

1997-2009 жылдар аралығында Руслан Балтиев Қазақстан ұлттық құрамасының намысын қорғап, 72 матчта 13 гол соққан. Ұзақ уақыт бойы ол ұлттық құрамада ең көп матч өткізген және сұрмергені болып келді.

Футболшы мансабын аяқтаған соң “Оқжетпес”, “Қайсар” және “Жетісу” клубтарында спорт директоры қызметін атқарды. 2022-2024 жылдары Қазақстан ұлттық құрамасында бас бапкердің көмекшісі болды. 2024 жылдың сәуірінен қыркүйек айына дейін Ресейдің “Ахмат” клубында бас бапкердің көмекшісі ретінде қызмет етті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір