Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Ұлттық құраманың бұрынғы бас бапкері қызметінен кеткені үшін 500 мың еуро алады.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы бас бапкері Станислав Черчесов қызметінен кеткені үшін өтемақы ретінде жарты миллион еуро алады. Бұл туралы sports.ru басылымы инсайдер Иван Карповқа сілтеме жасай отырып хабарлады. Яғни ресейлік маман 5 айлық жалақысын алады.
Егер Черчесов қысқа дейін жұмыс істегенде оның келісімшарты ұзартылуы мүмкін еді.
Бүгін Қазақстанның футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесовпен қош айтысқанын хабарлады. Сондай-ақ Қазақстан құрамасынан жаттықтырушылар штабы толық құраммен кететіні де белгілі болды.
Айта кетейік, Станислав Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін 2024 жылдың маусымында ұстады. Оның жетекшілігімен ұлттық құрама УЕФА Ұлттар лигасында 6 матч өткізіп, 1 ғана ұпай жинады.