Абат Айымбетовтың командасы бапкерсіз қалды

Жекпе-жек шолушысы

Футболдан Түркия Суперлигасындағы "Адана Демирспор" клубы бас бапкерді жұмыстан қуды. 

Абат Айымбетовтың командасы бапкерсіз қалды
sportplustv.kz

"Адана Демирспор" 51 жастағы түрік маманы Мустафа Дальчимен келісімді үзді, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Мустафа Дальчидің жетекшілігімен "Адана" 3 рет жеңіске жетіп, жеті мәрте жеңілістің ащы дәмін татты. Дәл қазір команда түрік Суперлигасының турнир кестесінде соңғы орында орналасқан.