Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Алмас Құлшынбаевтың айтуынша, ұлттық құраманың бес қорғаушы арқылы ойнайтын ұстанымы тиімді.
Белгілі бапкер Алмас Құлшынбаев ұлттық құрама бас бапкерінің отставкаға кетуіне қатысты өз ойын білдірді. Sports.kz-ке берген сұхбатында жаттықтырушы Магомед Адиев пен Станислав Черчесов атқарған істерін салыстырып, бағасын да берді.
"Ұлттар Лигасының турниріндегі сәтсіздіктен кейін осылай болары түсінікті еді. Десек те, ондағы қарсыластарымыздың деңгейін де ұмытпау керек. Магомед Адиевтің кезінде құрама команда жарқ етіп, шын мәнінде Еуропа біріншілігіне қатысудан үмітті болды. Негізінде бізге Адиевтің бес қорғаушы арқылы ойнайтын ұстанымы тиімді. Ал Черчесов ашық ойын мәнерін жөн көрді, бірақ біз оған әлі дайын емеспіз – психологиялық, тактикалық, техникалық жағынан да. Черчесовтың кетуі дұрыс шешім деп ойлаймын", - деді Алмас Құлшынбаев.
Айта кетейік, Станислав Черчесовке дейін Қазақстан құрамасын Магомед Адиев тізгіндеді. Адиев Ұлттар лигасында команданы B дивизионына дейін алып шықты. Еуропа чемпионатының жолдамасына таласу мүмкіндігіне ие болды. Алайда Грекияға қарсы матчта есе жіберді.
Ал биыл B дивизионында өнер көрсеткен құрама өз тобында небәрі 1 ұпай ғана еншілеп, соңғы орыннан бір-ақ шықты. Сөйтіп C дивизионына түсіп қалды.