Зайнутдиновтың командасы "Атлетико" шабуылшысын қатарға қоспақ

Жекпе-жек шолушысы

Норвегиялық шабуылшы Александер Сёрлот түркиялық "Бешікташқа" ауысуы мүмкін. 

Зайнутдиновтың командасы "Атлетико" шабуылшысын қатарға қоспақ
dynamo.kiev.ua

Түркиялық ұжымның жаңа бас бапкері Уле Гуннар Сульшер 29 жастағы отандасын Ыстамбұлға көшіргісі келеді. "Бешікташ" Сёрлотты бастапқыда жалға алуды көздеген. Бірақ норвегиялық "Атлетиконың" негізгі құрам ойыншысы болмаса да мадридтік клубтың оған көңілі толып отыр. 

Еске сала кетейік, "Бешікташта" Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бахтиёр Зайнутдинов өнер көрсетеді.