Өзбекстан құрамасының ойыншысы танымал еуропалық клубқа ауысады
Ресейлік "Алания" шабуылшысы Хусайн Норчаев мансабын Португалияда жалғастыруы мүмкін.
yuz.uz
Championat.Asia хабарлауынша, “Брага” 22 жастағы Өзбекстан құрамасының ойыншысына қызығушылық танытып отыр. Шабуылшы келісімге нүкте қойып, Португалияға ұшып кету үшін құжаттар рәсімдеп жатыр.
Норчаевты ферғаналық “Нефтчи” “Аланиядан” бір жылға жалға алған еді. Ойыншы 31 желтоқсанда владикавказдық клубқа оралды. Былтырғы маусымда ол Өзбекстан чемпионатында 15 матчқа қатысты. Төрт гол соғып, екі мәрте нәтижелі пас берді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet