Абат Айымбетовты "Манчестер Сити" бапкері жаттықтырады

Сарапшы, спорт журналисі

Абат Айымбетовтың командасы "Адана Демирспорды" манчестерлік клубта жұмыс істеген бапкер тізгіндейді. 

Абат Айымбетовты "Манчестер Сити" бапкері жаттықтырады
vesti.kz

Мұстафа Алпер Авчи бұған дейін “Манчестер Ситидің” жастар командасын баптап келді. Енді 43 жастағы маманға жаңа миссия жүктеліп отыр. Түркиялық клубты құтқарып, соңғы орыннан көтеруі тиіс. Аданалық ұжым Түркия Суперлигасында соңғы орында келеді. Жаңа бапкермен келісімшарт бір жарым жылға жасалып отыр.

Абат Айымбетов Түркия чемпионатында 15 ойынға қатысып, 3 мәрте мергендік танытты. Қазақстандық шабуылшы аданалық командаға былтыр ақпанда ауысқан еді.  

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір