Роналдо қазақ футболшысының болашағына қатысты шешім қабылдады

Сарапшы, спорт журналисі

Даңқты футболшы былтыр Мұхаммед Еңсебаевты өз клубына шақырған болатын. 

Роналдо қазақ футболшысының болашағына қатысты шешім қабылдады
sportarena.kz

"Реал Вальядолидте" өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Мұхаммед Еңсебаевтың болашағына қатысты шешім қабылданды. Тұрақты ойын тәжірибесімен қамтамасыз ету үшін 19 жастағы футболшы "Сеута Б" клубына ауысады. Жалға беру мерзімі ағымдағы маусымның соңына дейін жалғасады. 

Аталған команда бүгінде Испанияның 4 дивизионында өнер көрсетеді. 

Естеріңізде болса, Еңсебаевтың «Реал Вальядолидке» ауысатыны былтыр сәуірде жарияланды. Оған дейін ойыншы "Елімай" клубында доп тепті. Сонымен қатар, Қазақстанның жастар құрамасы сапында ойнады. 

Айта кетейік, бразилиялық даңқты футболшы Роналдо "Реал Вальядолид" клубының иегерлерінің бірі саналады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір