Ұлттық құрамаға жаңа баспасөз хатшысы тағайындалды
Танымал спорт комментаторы Ермұхамед Мәулен футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының баспасөз хатшысы қызметіне ауысты.
@e.maulen
Ермұхамед Мәулен – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі. 2013-2016 жылдары "Qazsport" телеарнасының редакторы қызметін атқарды.
2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатын қазақ телевизиясы тарихында тұңғыш рет оқиға орнынан жүргізген комментатор.
2017-2018 жылдары "Егемен Қазақстан" газетінің спорт бөлімінің меңгерушісі, ал 2019 жылы "Хабар" агенттігінің спорт бөлімінің продюсері болды.
2020 жылы "Qazsport" телеарнасында арнайы жобалар редакторы қызметін атқарған.
2021 жылы Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметін басқарды. 2022-2024 жылдары ҚФФ президенті кеңесшісі қызметіне тағайындалды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet