Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Olimpbet сарапшылары өз болжамын жариялады.
Ньюкасл» мен «Арсенал» арасындағы жауап ойыны және Италия кубогы аясында өтетін «Милан» мен «Рома» ортасындағы матчқа Olimpbet жасаған сараптаманы ұсынамыз.
Ағылшын лигасының кубогығы. Жартылай ойын. Жауап ойыны.
«Ньюкасл» – «Арсенал». 6 ақпан, 01:00 (Астана уақыты). Бірінші ойын – 2:0
Бір ай бұрын Эдди Хау шәкірттері сырт алаңда кубоктың басты фавориті саналған «канонирлерді» сенсациялы түрде жеңген еді. Осыдан кейін Olimpbet аналитикасына сәйкес, «Арсенал» турнирде жеңіске жетуге үміткерлер арасында мүмкіндігі ең төмен командаға айналды. Бұл жұптан бөлек, бір тәуліктен кейін «Ливерпуль» пен «Тоттенхэм» де финал жолдамасын ортаға салады.
Екі раундық қақтығысты ұтып шығуға елордалық клубтың мүмкіндігі жоқтың қасы болғанымен, сарапшылар үшін лондондық команда әлі де фаворит болып тұр.
«Арсенал» өз алаңында «Ньюкаслдан» таза жеңілген еді, демек енді «зеңбірекшілер» Сейнт-Джеймс Паркта кішігірім қаһармандық танытуы тиіс. Бірақ «канорирлер» бұл алаңдағы соңғы 2 ойында да бірдей 0:1 есебімен жеңілген болатын.
Дегенмен, Микель Артета командасы жартылай финалдың жауап ойынына керемет көңіл-күймен келе жатыр. Себебі соңғы матчта олар Англияның қазіргі чемпионы «Манчестер Ситиді» ірі есеппен жеңіп, оларды түгелдей титул жарысынан шығарып жібергенге ұқсайды.
Ал Эдди Хау ұжымы АПЛ-дың кезекті турында «Фулхэмге» өз алаңында есе жіберіп (1:2), турнир кестесінде манчестерліктерді басып озу мүмкіндігінен айырылып қалды. Бірақ Лига кубогы – мүлдем басқа әңгіме және мұнда трофейдің жақындығы ақ-қара жейдедегі жігіттерге қосымша күш беруі тиіс.
Жалпы алғанда, «Арсенал» финалға шығу үшін «Ман Ситиге» қарсы соңғы матчтағыдай жанкештілікпен ойнауы тиіс. Дегенмен, «зеңбірекшілер» үшін финалға өту аса қиын болатыны анық.
Olimpbet сарапшылары лондондықтар бұл матча ең болмаса қосымша таймда күш сынасуға мүмкіндік беретін 2 доп айырмасымен жеңуіне сену қиын деп есептейді.
Италия кубогы. 1/4 финал. «Милан» – «Рома». 6 ақпан, 01:00
Италия кубогының ширек финалы тек бір матчтан ғана тұрады. Турнирдің осы кезеңінде «Миланның» жолы болды деуге болады, себебі жалғыз матчты ол өз алаңында өткізеді. Olimpbet сарапшыларының пікірінше, «россонери» бұл ойынның фавориті саналады.
Жалпы алғанда, соңғы уақытта бұл екі команданың ойындарында өз алаңындағы артықшылық факторы онша сезілмейді. Екеуінің соңғы 10 кездесуінің тек үшеуінде ғана алаң иелір жеңіске жеткен екен. Төртеуін қонақтар жеңсе, қалған үш матч тең есеппен аяқталды.
Екі клуб та А сериясында нашар өнер көрсетіп келеді. Маусым соңында чемпионат кестесіндегі орындарымен еурокубоктарға шықпай қалу ықтималы жоғары. Ал Италия кубогы арқылы Еуропаға апаратын жолды аз да болса қысқарту мүмкіндігі бар.
«Россонери» де, «джиалоросси» де трофейді жеңуге үмітті фавориттер үштігіне кірмейді, бірақ екеуінің бірі міндетті түрде жартылай финалда ойнайтыны анық.
Olimpbet сарапшылары әрі қарай Сержиу Консейсау шәкіреттерінің өту ықтималы жоғары деп есептейді. Ол бұған дейін командамен Италия суперкубогын жеңіп алған еді. Бірақ өте тәжірибелі Клаудио Раньери шәкіреттері де оңайлықпен беріле қоймайтыны анық. Жартылай финал жолдамасы кімге бұйыратынын жуық арада білетін боламыз.
Дереккөз: Olimpbet Arena