Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Абат Айымбетовтың клубында тосын жаңалық пайда болды

Сарапшы, спорт журналисі
10.02.2025, 15:47

"Адана Демирспор" клубының президенті Бедирхан Дурак отставкаға кететінін мәлімдеді.

bigsport.kz
bigsport.kz

“Адана Демирспор” клубының президенті Бедирхан Дурак әлеуметтік желідегі парақшасында өз қызметінен кететінін мәлімдеді.

9 ақпанда Түркия чемпионатының 23-турында “Галатасарайға” қарсы өткен ойында “Адана Демирспор” ойыншылары 13-минутта белгіленген пенальтиге наразылық ретінде алаңнан кетіп қалды.

“Мен клубымның игілігі үшін әлеуметтік желілердегі деструктивті және ашуландыратын хабарламаларды әрдайым елемеуге тырыстым. Бірақ біз қайтар жолы жоқ межеге жеткенімізді көру маған өте ауыр. Клубтың, отбасымның, жақындарымның және өз денсаулығымның мүддесі үшін қызметімнен кететінімді хабарлаймын”, – делінген Бедирхан Дурактың мәлімдемесінде.

Бедирхан Дурак 2024 жылдың қазан айынан бері түрік клубының президенті қызметін атқарып келген.

Қазір “Адана Демирспор” 5 ұпаймен Түркия чемпионатының турнирлік кестесінде 19-орында тұр. Бұл клубта қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір