Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
«Барселонаның» жас жұлдызы Жерар Пикенің жобасында өз клубын құрмақ. Барлық мәлімет наурызда жарияланады.
Ламин Ямаль Kings League-те өз командасын құрады. Бұл туралы «Барселонаның» жас жұлдызы ресми түрде жариялады. Клубтың атауы, формасы мен басқа да мәліметтер 2025 жылдың 31 наурызында белгілі болады.
Жерар Пике негізін қалаған Kings League қарқынды түрде жаңа жұлдыздарды тартып жатыр. Енді лигаға Ламин Ямаль қосылмақ. Ол жай ғана қатысып қоймай, бір команданың иесі болады. Соңғы айларда оның лигаға қатысуы туралы түрлі қауесеттер тараған еді, енді бұл ақпарат расталып отыр – жас вингер өз клубын құрады.
Sport24.ru
Kings League-тің жаңа маусымының тұсаукесерінде Ламин Ямальдың командасы 2025 жылдың 31 наурызында ресми түрде таныстырылатыны хабарланды. Іс-шара барысында клубтың атауы, фирмалық түстері, формасы және команданы басқаратын стримердің есімі жарияланады.
Ямаль «Барселонадағы» кәсіби мансабына байланысты матчтарға тікелей қатыса алмаса да, оның бұл жобасы спорт пен цифрлық ойын-сауықты біріктіретін бірегей футбол форматына қосымша жаңалық болмақ.
chelseanews.ru
Kings League Жерар Пикенің жобасы ретінде қазірдің өзінде көптеген танымал тұлғалардың назарын аудартты. Лиганың қатысушылары қатарында Икер Касильяс, Неймар, Златан Ибрагимович және басқа да жұлдыздар бар. Турнирлер Испаниядан бастап Мексика мен Бразилияға дейінгі көптеген елдерде өткізіледі.
Ламин Ямаль өз жобасы туралы былай деді:
«31 наурызда Kings League-дегі менің командамды көресіздер. Форманы, эмблеманы және стримерді таныстырамын. Дайынсыңдар ма?»