![Дастан Сәтпаев "Челси" сапында хет-трик жасады](https://penalty.kz/cache/imagine/1200/uploads/news/2025/02/12/67ac1f3a26b31692243896.jpg)
Лондондық клубтың жастар командасындағы сынақ кезінде қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев үш гол соқты.
2024 жылдың қараша айында 16 жастағы Сәтпаев "Челсиде" екі апта бойы сынақтан өтті. Алдымен ол U16 құрамында, кейін U19 командасында болды, ал кейінірек U21 жастар құрамасына ауыстырылды. Бұл туралы "Матч КЗ" басылымы мәлімдеді.
"Челси" U21 сапында өткен бір матчта Сәтпаев хет-трик жасап, клуб басшылығын тәнті етті. Лондондық ұжым жас талантқа келісімшарт ұсынды.
Сонымен қатар "Челси" клубының бапкері Алматыға келіп, "Қайрат" базасында тұрады. Ол Дастан Сәтпаевпен жеке жұмыс істемек.
Ағылшындық клуб қазақстандық футболшыға үлкен үміт артады.