Қазақстан құрамасының Түркиядағы оқу-жаттығу жиынындағы қарсыластары анықталды
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны аясында екі жолдастық кездесу өткізеді.
Матчтар кестесі:
14 ақпан: Қазақстан – "Локомотив" (Өзбекстан)
17 ақпан: Қазақстан – Солтүстік Корея
Ұлттық құраманың Белектегі жиыны 18 ақпанға дейін жалғасады. Бұл кезеңде бас бапкерлік штаб құраманың әлеуетті ойыншыларын бағалауды мақсат етеді. Сол себепті жиынға тәжірибелі футболшылармен қатар жас ойыншылар да шақырылды.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.