Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

АПЛ футболшысы интимдік видео түсіргені үшін шартты жаза алды

Редактор Penalty.kz
14.02.2025, 22:33

"Ноттингем Форест" клубының бұрынғы ойыншысы, оңтүстіккореялық футболшы Хван Ыйджо әйелдің келісімінсіз сексуалдық қатынасты видеоға түсіргені үшін шартты түрде сотталды.

rbc.ru
rbc.ru

Бұл туралы Yonhap ақпарат агенттігі хабарлайды. 32 жастағы футболшы былтыр қазан айында кінәсін мойындаған. Сот оны бір жылға бас бостандығынан айырып, жазаның орындалуын екі жылға шегерді.

“Заңсыз видео түсіруге байланысты қылмыстардың қоғамға тигізетін зияны өте үлкен. Сондықтан қатал жаза қолдану қажет”, – деді судья Ли Ён Чже жұма күні өткен сот отырысында.

Сот процесі аяқталғаннан кейін журналистер Хваннан құрбанына не айтқысы келетінін сұрады.

“Мен өкінемін. Мен жанкүйерлерден шын жүректен кешірім сұраймын және қатты өкінемін, – деп жауап берді футболшы.

Тергеу мәліметтері бойынша, Хван Ыйджо 2022 жылдың маусымы мен қыркүйегі аралығында серіктесінің келісімінсіз төрт рет интимдік видео түсірген. Ол 2022-2024 жылдар аралығында “Ноттингем Форест” сапында ойнап кейін Түркияның "Аланьяспор" сапына ауысты.

Yonhap агенттігінің мәліметінше, сот Хванның кінәсін мойындауы және өкінуі сияқты факторларды ескеріп, оған шартты жаза тағайындаған. Сонымен қатар бұл видеоларды футболшының өзі емес, басқа біреу әлеуметтік желілерде таратқаны да ескерілді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір