Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Дастан Сәтпаевтың “Челсидегі” көпмиллиондық жалақысы жайлы ақпарат тарады

Редактор Penalty.kz
15.02.2025, 07:10

Ресейлік БАҚ-тың мәліметінше, 16 жастағы қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев "Челсимен" жасаған келісімшарт бойынша жарты миллиард теңге табыс табуы мүмкін. 

NUR.KZ
NUR.KZ

Өткен аптада "Қайрат" өз түлегінің Лондонның "Челси" клубымен келісімшартқа отырғанын ресми түрде жариялады. Келісімшарт мерзімі бес жылға жарамды. Оның алғашқы екі жылында Сәттпаев Алматыда ағылшындық бапкердің бақылауымен жаттықса, ал 18 жасқа толған соң жаңа командасына қосылуға мүмкіндік алады.

"Сәтпаевтың жалақысы айына шамамен 14 мың фунтқа тең. Оның 12 мыңы ата-анасының есепшотына аударылып, 22 жасқа толғанда ғана пайдалануға қолжетімді болады", – деп хабарлайды Sports порталы сенімді дереккөзге сілтеме жасап.

Ресейлік басылым таратқан ақпаратқа сенсек, жас футболшы жылына 168 мың фунт стерлинг табыс табады. Ал бес жылдық келісімшарт аясында "Челси" Сәтпаевқа 840 мың фунт, яғни 524 миллион теңге төлейді.

Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасының шабуылшысы өткен маусымда ерекше ойын көрсетіп, жанкүйерлер мен мамандардың назарын аударды.

Ол "Қайрат - U18" командасы сапында QJ League турнирінде 12 матч өткізіп, 19 гол соғып, 6 нәтижелі пас берді. Сонымен қатар жас талант жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар лигасында бір гол соғып, Бірінші лигада "Қайрат-Жастар" құрамында да мергендігімен көзге түсті.

Бұған қоса, Сәтпаев негізгі құрамда да алғашқы кездесуін өткізіп үлгерді. Ал биылғы маусымда ол алматылық клубтың көшбасшыларымен тығыз байланыста болып, жоғары деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір