Ақша керек болса хабарлас, 1 сары қағаз аламын

Сарапшы, спорт журналисі

Бразилиялық футболшы сары қағаз үшін өмір бойына алаңға шыға алмай қалуы мүмкін. 

Ақша керек болса хабарлас, 1 сары қағаз аламын
championat.com

Бразилия прокурорлары Лукас Пакета 2023 жылы наурызда "Астон Виллаға" қарсы ойында ағасы бәс тігуден ақша ұтып алу үшін әдейі сары қағаз алғанын анықтады.

Пакетаның 60-қа жуық досы мен туысы осындай бәс тігу арқылы 121 000 доллардан аса пайда тапқан. 

ESPN басылымының таратқан ақпарына сәйкес, осыған байланысты жартылай қорғаушы енді өмір бойына футболдан шеттетілуі мүмкін.