Зайнутдиновтың командаласы Ресейге көшеді

Футбол шолушысы

"Бешікташ" клубының жартылай қорғаушысы Жедсон Фернандеш мәскеулік "Спартакқа" ауысуға келісті. 

Зайнутдиновтың командаласы Ресейге көшеді
rusfootball.info

Журналист Тугба Хачибайрамоғлудың мәліметінше "қызыл-ақтар" португалиялық футболшыға жылына 4 миллион еуро жалақы ұсынған.

Бұған дейін "Спартак" 26 жастағы ойыншы үшін 25 миллион еуро төлеуге дайын екенін хабарлаған.

Фернандеш биылғы маусымда түрік клубының сапында 33 матч өткізіп, 8 гол соғып, 2 нәтижелі пас берді. 

Transfermarkt порталы футболшының нарықтық құнын 17 миллион еуро деп бағалайды.