"Реалдың" жарты командасы бәс тіккені белгілі болды

Сарапшы, спорт журналисі

Мексикалық "Реал" (Аподака) клубының ойыншыларына бәс тігуге қатысы бар деген күдікпен тергеу жүргізіліп жатыр. 

"Реалдың" жарты командасы бәс тіккені белгілі болды
elhorizonte.mx

Нуэво-Леон штатынан шыққан клуб басшылығы командадағы 10 ойыншының заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін екенін растады. Сол себепті олар қазіргі өтіп жатқан турнирге қатысудан шеттетілді.

Клубтың Facebook-тағы ресми парақшасында жарияланған мәлімдемеде басшылық күдікке ілінген ойыншыларды тергеу аяқталғанға дейін команданың құрамынан уақытша шеттету туралы шешім қабылдағанын хабарлады.

prosports.kz

Мәлімдемеде күдіктілердің әрекеті клубтың кәсібилік пен этика қағидаларына қайшы келетіні айтылған. Сондай-ақ клуб басшылығы Мексика футбол федерациясы мен Премьер-лигаға тергеуге қажет барлық ақпаратты беруге дайын екенін жеткізді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір