Қазақстан U17 құрамасы "Даму Кубогын" жеңіспен бастады

Жекпе-жек шолушысы

Бауыржан Сағындық жаттықтыратын жасөспірімдер құрамасы алғашқы матчта Иранның U17 командасын тізе бүктірді. 

Қазақстан U17 құрамасы "Даму Кубогын" жеңіспен бастады
kazfootball.kz

Минскіде өткен алғашқы ойында Қазақстан құрамасы Иранның 17 жасқа дейінгі құрамасын 2:0 есебімен жеңді. Абылай Төлеухан мен Дәулет Орынбасар мергендік танытты. 

"Абылай Төлеухан – Қазақстан мен Иран құрамалары арасындағы матчтың үздік ойыншысы атанды. Ол есеп ашып, командасын алға шығарды", – деп хабарлады Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.  

kazfootball.kz

Айта кетейік, Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы "B" тобында өнер көрсетеді. Келесі кездесу 17 ақпанда Ресей құрамасына қарсы өтеді.