ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстандық миллиардердің клубы Англияда сенсациялық нәтиже тіркеді

Англия футбол лигасының үшінші дивизионы – Лига 1-дің 32-турындағы матч күтпеген нәтижемен аяқталды. 

Қазақстандық миллиардердің клубы Англияда сенсациялық нәтиже тіркеді
bbc.co.uk

"Уиком Уондерерс" сырт алаңда "Кроули Таун" командасын жеңе алмады. Кездесу 1:1 есебімен аяқталды. Екі гол да бірінші таймда соғылды. 5-минутта "Кроули Таун" шабуылшысы Уилл Суон есеп ашса, 20-минутта Дэниел Удо таразы басын теңестірді.

Бұл нәтижеден кейін "Уиком Уондерерс" 60 ұпаймен турнир кестесінің екінші сатысында тұр, ал 28 ұпай жинаған "Кроули Таун" 21-орында қалып, төменгі лигаға түсіп қалу қаупі бар аймақта орналасқан.

Айта кетейік, "Уиком Уондерерс" клубының иесі – қазақстандық миллиардер Михаил Ломтадзе. Ол 2024 жылдың мамыр айында клубтың бақылаушы акциялар пакетін сатып алған еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.