Қазақстан құрамасы Еуропаның ұлттық командасымен жолдастық матч өткізуі мүмкін
Қазақстан ұлттық құрамасы жазда жолдастық матч өткізеді.
offside.kz
Беларусь футбол федерациясы Қазақстан құрамасымен жолдастық матч ұйымдастыру бойынша келіссөздер жүргізіп жатыр. Бұл туралы Bel.football сайты хабарлады.
Бұл кездесу 10 маусымда Ресейге қарсы өтетін Беларусь құрамасының спаррингі аяқталған соң жоспарланып отыр. Болжам бойынша, бақылау матчы маусым айында Беларусь астанасы Минскіде өтеді.
Командалардың рейтингі
-
Беларусь құрамасы – ФИФА рейтингінде 98-орында.
-
Қазақстан құрамасы – 110-орында.
Ойын ресми түрде бекітілсе, бұл Қазақстан құрамасы үшін маңызды сынақ матчтарының бірі болмақ.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet