Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

«Барса» бапкері жұлдыз ойыншыны құрамнан шеттетті

Редактор Penalty.kz
18.02.2025, 18:01

Оған футболшының жүйелі түрде кешігуі себеп болды. 

matchtv.ru
matchtv.ru

Каталониялық «Барселонаның» бас бапкері Ханси Флик Франция құрамасының қорғаушысы Жюль Кундені негізгі құрамнан шеттетті. Бұл туралы Tengri Sport хабарлады. 

Кунденің тәртіпке бағынбауы

Sport.es порталының мәліметінше, Жюль Кунде жаттықтырушылар штабының шешімімен «Барселонаның» негізгі құрамынан алынып тасталды. Оның себебі – жүйелі түрде кешігу. Бұл жолы француз қорғаушысы «Ла Лиганың» 24-турындағы «Райо Вальеканоға» қарсы ойын алдында командалық жиынға уақытында келмеген.

Айта кету керек, бұл Кунденің алғашқы тәртіп бұзуы емес. Бұған дейін ол «Алавеске» қарсы кездесуге кешігіп келген, сол кезде де Ханси Флик оны жазалаған болатын. Неміс маманы команданың тәртіп пен жауапкершілік қағидаларына аса қатты мән беретінін бірнеше рет мәлімдеген.

Матч нәтижесі

Каталондық «Барселона» мен мадридтік «Райо Вальекано» арасындағы ойын 18 ақпанға қараған түні «Олимпик Льюис Компанис» стадионында өтті. Кездесу «Барселонаның» (1:0) жеңісімен аяқталды.

  • Гол авторы:  Роберт Левандовский (пенальти)

Алдағы матчтар

Каталондықтар келесі кездесуін 23 ақпанда «Лас-Пальмасқа» қарсы өткізеді, ал «Райо Вальекано» 22 ақпанда «Вильярреалмен» кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір