
IFAB (Халықаралық футбол қауымдастығы кеңесі) 2025/26 маусымынан бастап ойын ережелеріне өзгерістер енгізетінін ресми түрде мәлімдеді. Ең басты жаңалықтардың бірі – қақпашыларға қойылатын жаңа талап.
Енді қақпашы допты қолында сегіз секундтан артық ұстаса, қарсылас команда бұрыштама (корнер) соққысын орындау құқығына ие болады. Бұл ереже қазіргі "алты секундтық ережені" алмастырады, ол бойынша қақпашы допты алты секундтан артық ұстаса, қарсылас команда еркін соққы (свободный удар) алатын.
Жаңа өзгерістер 2025/26 маусымынан бастап ресми түрде қолданылады. IFAB бұл жаңашылдық ойын динамикасын арттыруға және уақыт созуды азайтуға бағытталғанын атап өтті.