ҚПЛ-дың орталық матчы ірі есеппен аяқталды

Сарапшы, спорт журналисі

Алматының "Қайраты" Қазақстан Премьер-лигасының 2-турында Шымкенттің "Ордабасы" клубын тас-талқан етті.

ҚПЛ-дың орталық матчы ірі есеппен аяқталды
Vesti.kz

Ойын басталған сәттен-ақ "Қайрат" қарсыласына қысым көрсете бастады. Бірінші таймда алаң иелері үш рет қарсылас қақпасын дәл көздеді. Гиорги Зария дубль авторы атанса, тағы бір голды Жоао Пауло соқты.

Екінші таймда "Ордабасы" шабуылда белсенділік танытты. Бірақ қорғаныста қателіктерге жол берді. Нәтижесінде Юг Станоев 73-минутта төртінші голды соғып, алматылықтардың басымдығын айқын етті.

Бұл жеңістен кейін "Қайрат" 4 ұпайға ие болды, ал "Ордабасы" бір ұпаймен қалды.

Қалған кездесулер төмендегідей нәтижелермен аяқталды: 

"Оқжетпес" — "Атырау" 2:1

"Жеңіс" — "Тобыл" 0:0

"Жетісу" — "Ұлытау" 0:0

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір