
Қызылордалық "Кайсар" клубы жаңа маусым алдында легионерлер алдындағы берешегін толық өтеді.
Бұл туралы клубтың баспасөз хатшысы Ерасыл Шарбек Asi Inside YouTube-арнасына берген сұхбатында айтты.
Қызылорда облысы басшылығының талабы бойынша 2025 жылғы маусымда "Қайсар" толық қазақстандық ойыншылардан жасақталды. Бұл шешім легионерлермен жасалған келісімшарттардың аяқталуына және клуб бюджетінің оңтайландырылуына байланысты қабылданды.
— "Қайсар" былтырғы жалақы бойынша қарыздарын өтеді деп естідік. Осыны ресми түрде растай аласыз ба?
— Иә, бұл рас. Бізге биыл 1,2 млрд теңге бөлінді. Сол қаражаттың арқасында легионерлер алдындағы қарызымызды түгелдей жаптық. Олар өз отбасыларын асырауы керек. Егер біз уақытында төлемесек, ФИФА-ға шағым түсірер еді, ал бұл жаңа трансферлерге тосқауыл болар. Сондықтан барлық қаржылық міндеттемелерімізді орындауға мәжбүр болдық.
Қазір клуб маркетинг бөлімі арқылы қосымша табыс көздерін қарастырып жатыр. Біз демеушілермен келіссөздер жүргізіп, букмекерлік компаниядан 180 млн теңге алуды жоспарлап отырмыз. Бұл сома клуб қарызының 50 пайызын өтеуге көмектеседі.