
Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турында "Ақтөбе" мен "Тұран" арасындағы матч тартысқа толы болды.
Ойынның алғашқы таймы алаң иелерінің пайдасына шешілді. 29-минутта Идрис Умаевтың әуелете берген пасын Неманья Анджелкович баспен қақпаға дәл бағыттап, есеп ашты.
Алайда 55-минутта “Тұран” таразы басын теңестіріп кетті. Василий Совпель допты айып алаңына шығарып бергенде Горан Милойко мүмкіндікті мүлт жібермеді — 1:1.
“Ақтөбе” жеңіске жету үшін шабуылын үдетіп, 84-минутта Еркебұлан Сейдахмет шебер ойынымен командасына жеңіс сыйлады — 2:1.
Бұл жеңістен кейін “Ақтөбе” 4 ұпай жинап, турнир кестесіндегі жағдайын жақсартты. Ал “Тұраннның” еншісінде үш ұпай.
“Ақтөбе” — “Тұран” (Түркістан) 2:1 (1:0)
Голдар: Анджелкович (29) — 1:0, Милойко (55) — 1:1, Сейдахмет (84) — 2:1.