ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Қазақстанда тоғыз стадион жаңартылады

Қазақстанда футбол инфрақұрылымын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы елдің туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлімдеді. 

Қазақстанда тоғыз стадион жаңартылады
Meta-raitings.kz

Жақында ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов IV Ұлттық құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеген тапсырмалардың орындалуына арналған жиын өткізді. Осы кездесуде Ербол Мырзабосынов елдегі футболды дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Министрдің айтуынша, Қазақстанда 28 негізгі стадион жұмыс істейді. ALAN жобасы аясында 2023-2024 жылдары олардың үштен екісі (18 стадион) толық жаңартылды. Ал 2025 жылы тағы 9 стадионды жаңарту жоспарланып отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.