Қазақстан құрамасының тобындағы алғашқы матч ірі есеппен аяқталды
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында J тобындағы алғашқы матчта Солтүстік Македония құрамасы Лихтенштейнге қонаққа барып, сенімді жеңіске жетті.
flashscore.com
Кездесу Лихтенштейн астанасы Вадуц қаласында өтті. Қонақтар матчты қарқынды бастады: 7-минутта Александр Трайковски есеп ашты. Ал 42-минутта Висар Муслиу нәтижені еселеді. Ойынның 85-минутында Боян Миовски соңғы нүктені қойып, матчты 3:0 есебімен аяқтады.
Еске сала кетейік, дәл осы J тобында Қазақстан құрамасы да бақ сынайды. Құрама турнирдегі алғашқы кездесуін 22 наурыздан 23 наурызға қараған түні Уэльс командасына қарсы өткізеді. Матч Кардифф қаласында өтеді және Астана уақытымен 00:45-те басталады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet