
Қазақстан құрамасының 16 жастағы шабуылшысы, "Қайрат" клубының ойыншысы Дастан Сәтпаев ұлттық құрама сапында алғаш рет негізгі құрамда алаңға шыққалы отыр.
Жас форвард 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Лихтенштейнге қарсы ойында Қазақстан құрамасының бастапқы 11 ойыншысының қатарына енді. Кездесу 25 наурыздан 26 наурызға қараған түні, Вадуц қаласында (Лихтенштейн) өтеді. Басталу уақыты – 00:45 (Астана уақытымен).
Сәтпаев бұған дейін де ұлттық құраманың алғашқы матчына қатысқан еді – ол Уэльске қарсы кездесуде (1:3) алаңға екінші таймда шықты. Осылайша Дастан Қазақстан құрамасы тарихындағы ең жас ойыншы атанды. Оның дебюті 16 жас 7 айында тіркелді. Бұған дейін бұл рекорд Жамбыл Көкеевке (17 жас 4 ай) тиесілі болған.